Қоңырауға тапсырыс
Онлайн-өтінім

+7 771 000-90-00 + 7 (7172) 999 500

Кешен жайлы

Сүйіспеншілікке толы құрылыс!

Сүйіспеншілікке толы құрылыс!

Кез-келген адам үшін үй – бұл жақындарымен кездесетін, ұрпақ өсіретін, жоспар құратын, рухани демалысқа арналған жайлы орын. Кейде бір пәтерде бірнеше ұрпақтың: ата мен әженің, әке мен ананың және балалардың мүддесі тоғысуы қажет болады. Демек, пәтер отбасының барлық мүшесіне ыңғайлы болуы қажет!

Құрылыс саласында тәжірибесі мол компания ретінде біз «Айналайын» тұрғын үй кешенінде керемет жоспарлар ойластырып, жүзеге асырдық. Сіздерге тек өз пәтеріңізді қуанышқа, күлкіге және мейірімге толтыру қажет!
Батылырақ!!! Өз армандарыңызға есік ашып, «Айналайын» тұрғын үй кешенінен өздеріңізге лайықты пәтерді таңдап алыңыздар.

 

 

Біз сапа мен
эстетикаға үнемдемейміз!

Үнемді баспана салтанатты болмайды деп кім айтты?
«Nur Astana Kurylys» компаниясының барлық құрылыс нысандарының өзіндік ерекшелігі кіреберістер мен холлдардың айрықша әрленуі болып табылады. «Айналайын» тұрғын үй кешені де солай! Сіздер өздеріңізді үйге кіргенде керемет сезінулеріңіз үшін, кіреберістер мен холлдарды ғажайып етіп жоспарлау мақсатында, біз өз жобамызға еліміздің ең үздік дизайнерлерін жұмылдырдық. Холлдар қою көк түсте, алтын реңктер қосыла отырып, әрленген. Біз қабырғаларды әрлеген ұлттық картиналар сіздерді өзінің ерекше бедерімен қуантатын болады.
Бізге сіздерді қуанту ұнайды, ал сіздер үйге әр кірген сайын шексіз ләззатқа бөленетін боласыздар.

О комплексе Схема
Құрылыс барысында біз сіздің жайлылығыңызды  жан-жақты ойластырдық!

Құрылыс барысында біз сіздің жайлылығыңызды
жан-жақты ойластырдық!

Заманауи отбасы үшін пәтердің тұрғылықты аумағы ғана емес, сонымен қатар үйдің орналасқан жері де аса маңызды. Біз сіздерге қажетті жайлылықтың барлығы жақын жерде болуын қарастырдық. Дүкендер, мектептер, бала-бақшалар, медициналық мекемелер, дәріханалар – қаланың бұл аумағында қала тұрғынының өміріне қажеттінің барлығы бар. Сіздің балаңыз таза ауада еркін ойнай алады, ал бала-бақша мен мектепке апаратын жол тіптен қауіпсіз.
Амбицияға толы мақсаттары көп сенімді құрылыс компаниясы ғана емес.

Амбицияға толы мақсаттары көп сенімді құрылыс компаниясы ғана емес.

«NAK» компаниясы амбицияға толы мақсаттары көп сенімді құрылыс компаниясы ғана емес, бірінші кезекте біз өзімізді өз ісіне және астананың жарқын келбетіне асқан сүйіспеншілікпен қарайтын, Қазақ елінің дамуына үлкен үлес қосатын Отандық компания ретінде танытқымыз келеді.
Сол себепті біз «Айналайын» тұрғын үй кешенін - портфолиомыздың нағыз айшығы деп санаймыз. Қарапайымдылығы мен коммерциялық қол жетімділігінің арқасында бұл кешен отбасылық өмірге жаңадан аяқ басып, тұрғын үйге деген бағаға аса ден қоятын жас жанұяларға арналған таптырмас мүмкіндік.
«Айналайын» тұрғын үй кешенін жоспарлау барысында біз шығындарды орынды түрде есептеп, сіздер заманауи әрі жайлы баспананы оңтайлы бағада алу мүмкіндігін қол жетімді еттік.
Аталмыш кешеннің нышаны – қарлығаш, халқымызда бұл құс жақсылық пен бақыт алып келетін киелі құс саналады. Сіздердің отбасылық жылы ұяларыңыз жайлы болады деп кәміл сенеміз.
Шаңырақтарыңызда бейбітшілік пен береке орнасын!
www.nak.kz

Өтінім қалдырыңыз
немесе бізбен өзіңізге ыңғайлы кез-келген жолмен хабарласыңыз!

© 2019 Жилой комплекс "Айналайын". Все права защищены. | Веб-студия Biggrin