About Us

«Айналайын» арнайы түзету-дамыту балабақшасы

«Айналайын» арнайы түзету-дамыту балабақшасы 2023 жылы ашылып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді түзету-дамыту қызметін көрсетіп келеді. Біздің басты мақсатымыз – әр баланың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оның толыққанды дамуына және қоғамға бейімделуіне жағдай жасау.

Балабақшада психикалық дамуы кешеуілдеген, сөйлеу тілі дамымаған немесе кешеуілдеген, сондай-ақ аутизм спектріндегі бұзылыстары (РАС) бар балалармен жүйелі түзету жұмыстары жүргізіледі.

Кәсіби мамандар

Балалармен тәжірибелі мамандардан құралған команда жұмыс істейді:

  • нейропсихолог
  • дефектолог
  • логопед
  • бейімделген дене шынықтыру жаттықтырушысы

Әр маман баламен жеке жұмыс жүргізеді. Топтардағы бала саны 15-тен аспайды, бұл әр балаға жеткілікті көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Жеке даму жоспары

Балабақшаға қабылданған әр балаға кешенді диагностика жүргізіледі. Диагностика нәтижесіне сүйене отырып, жеке түзету-дамыту жоспары құрылады. Бұл жоспар ата-аналарға таныстырылып, барлық құжаттармен жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі. Ата-аналарға баланың даму барысы бойынша тұрақты ұсыныстар мен кеңестер беріліп отырады.

Дамытушы орта

Балабақша толық заманауи талаптарға сай жабдықталған. Арнайы кабинеттер, дамытуға арналған құрал-жабдықтар, қауіпсіз ойын және қозғалыс аймақтары балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды.

Күн тәртібі мен қамқорлық

Балаларға:

  • 5 мезгілдік теңгерімді тамақтану
  • күнделікті серуен
  • топтық түзету-дамыту сабақтары
  • тәрбиелік және мерекелік іс-шаралар
     ұйымдастырылады.

Ата-анамен серіктестік

Балабақшада ата-аналарға арналған психологиялық қолдау және кеңес беру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Бала дамуы – балабақша мен отбасының бірлескен еңбегінің нәтижесі деп есептейміз.

Нәтиже

Қызмет етіп келе жатқан уақыт ішінде «Айналайын» арнайы түзету-дамыту балабақшасы көптеген балаларды өз жасына сай даму деңгейіне жеткізіп, әрі қарай білім алуға дайындады.